Қазақстан Ыстықкөлдегі курорттық-рекреациялық шаруашылық объектiлерiне меншiк құқығын ұзартады
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Ыстықкөл аумағында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық объектiлерiне меншiк құқықтарын ұзартады. Тиісті заң жобасын бүгін Мәжіліс қорытынды әзірлеуге қабылдады.
Мәжіліс депутаты Татьяна Савельеваның айтуынша, аталған құжат қабылданғаннан кейін Қазақстан Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық объектiлерiне Қазақстан Республикасының меншiк құқықтары 2029 жылдың соңына дейін ұзартылады.
Сондай-ақ аталған нысандарға инвестиция тарту мүмкіндігі беріледі.
- Заң жобасын іске асыру инвестордың, сондай-ақ ішінара республикалық бюджеттің есебінен іске асырылады, - деді Мәжіліс дептутаты.
Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңның жобасын да қарауға қабылдады.