Қазақстан «ITB - 2009» Халықаралық туристік көрмесіне қатысты
МАГДЕБУРГ. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Юлия Чернова/ - Наурыздың 11-інде Берлин қаласында Қазақстанның Германиядағы жылының аясында «ITB-2009» Халықаралық туристік көрме өтті.
Көрме наурыздың 11-і мен 15-і аралығында Messedamm Berlin кешенінде жыл сайын өтеді. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Қазақстанның Германиядағы Елшілігімен бірге Қазақстанның туристік әлеуетінің салтанатты таныстыру рәсімі өтті. Бұл көрме дүниежүзіндегі ең көлемді халықаралық туристік жиын болып саналады және туристік саланың дүниежүзілік даму үрдістерін таныстырады.Қазақстанның Германиядағы елшісі Нұрлан Оңжанов біздің республикамыздың туристік мүмкіндіктерін қысқаша таныстырып өтті. Қазақстан делегациясын Германияға Туризм және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің орынбасары К.Какен бастап барды. Көрмеге келгендерді Қазақстанның туризм саласында жұмыс істейтін герман журналисі Дагмар Шрайбер туристік кластердің дамуымен, соның ішінде жаңа туристік жобалармен толығырақ таныстырып өтті.Герман тарапынан таныстыру рәсіміне «ITB - 2009» Туристтік көрмесі сапаржай және логистика орталығының басшысы Давид Рютц қатысты.