Қазақстан кадеттер құрамасы Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады

АСТАНА. ҚазАқпарат -Бішкекте өткен кадеттер арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

14 елдің 155 жас дзюдошысы қатысқан құрлықтық чемпионатта екі қазақстандық спортшы чепмпион атанып, ел намысын абыроймен қорғады. Қазақстан құрама командасы атынан жалпы саны 19 дзюдошы қатысып, 15 медаль еншіледі.

Атап айтқанда, спортшылар чемпионатты 2 алтын, 6 күміс және 7 қола медальмен және медаль саны бойынша 3 орынмен аяқтады. 

Азия Чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Алтын - Шерзод Давлятов (50 кг)

Алтын - Бекарыс  Сәдуақас (-90 кг)

Күміс - Меруерт Сәрсенова (52 кг)

Күміс - Саёра Мырзахметова (63 кг)

Күміс - Нұрбек Ортай (73 кг)

Күміс - Серікболсын Шынтас (81 кг)

Күміс - Ханифа Тугушева (57 кг)

Күміс - Арайлым Оразбай (70 кг)

Қола - Ерлан Оңалов (50 кг)

Қола - Ермек Амангелді (55 кг)

Қола - Ислам Тоқтасын (66 кг)

Қола - Сара Құлым (40 кг)

Қола - Ақжол Қайыпхан (48 кг)

Қола - Нұрлыхан Шархан (+90 кг)

Қола - Мадина Парагулкова (+70 кг)

Соңғы жаңалықтар