Қазақстан кальян шегуге тыйым салуы мүмкін
АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстанда кальян шегуге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы бүгін «Кальян туралы шындық» атты дөңгелек үстелде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Эрик Байжүнісов мәлім етті.
«Меніңше бұл жақын жылдардың еншісіндегі іс», - деді вице-министр.
Оның айтуынша, кальянға тек қоғамдық орындарда шегуге тыйым салынады.
«Темекі шегуді шектейтін заңнама және шекті конвенция аясында, шылым мен басқа да темекі өнімдерін, соның ішінде кальянды толығымен тыйым салу бағытында біз 5 жыл ішінде Қазақстандағы заңнамаға тиісті өзгертулер енгізу керекпіз», - деді Э.Байжүнісов.
Жетекші сарапшылардың айтуынша, кальянды жиі шегетін адамдарда бауыр, өкпе, бүйрек, жүрек, қуық, жатыр мойыншағы обыры сынды айықпас дерттер мен туберкулез жиі тіркеледі. Ал кальянның өзінен ішек және көк іріңді таяқшалар, зең, ашытқыш саңырауқұлақтар, стафилококк ауреус табылған. Сонымен қатар бір кальян 100 шылымды шеккенмен бара-бар екен.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілі Мелита Вуйновичтің айтуынша, кальянды қоғамдық орындарда шегуді оның отаны саналатын бірқатар араб елдерінде де тыйым салған.