Қазақстан қалаларында газ баллоны қанша тұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық статистика бюросы тұрмыстық газ баллонының ел өңірлеріндегі бағасы туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
Фото:afina74.com

Қонаев қаласының тұрғындары сұйытылған газ үшін ең көп ақша жұмсайтын болып шықты. Онда газдың 50 литрі 4600 теңге тұрады. Көгілдір отын, сондай-ақ Қарағанды ( 4380 тг), Алматы (4000 тг), Семей (3886 тг), Өскемен (3733 тг) және Көкшетау( 3177 тг) қалаларында қымбат.

Газ баллонының ең арзаны Қызылорда қаласында – 50 литрі 2500 теңге. Басқа қалаларда баға 2700-3000 теңге аралығында.

Айта кетейік, Ақтау, Ақтөбе және Атырау қалалары бойынша деректер жоқ.


Соңғы жаңалықтар