Қазақстан қалаларындағы метеорологиялық жағдай сенбі күні қандай болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі, 1 қыркүйек күні Қазақстан қалаларындағы метеорологиялық жағдай жайлы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Қазақстан қалаларындағы метеорологиялық жағдай сенбі күні қандай болады

Синоптиктер таратқан мәліметтер бойынша, тек Ақтау қаласында ғана метеорологиялық жағдай жайсыз болуы мүмкін. Ал Оралда жайсыз метеорологиялық жағдай сол қалпында сақталады.

Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Өскемен, Шымкент сияқты қалаларды метеорологиялық жағдай жайлы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның жерге жақын орналасқан қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.