Қазақстан қалаларының басым бөлігінде 29 шілде күні жайлы метеожағдай қалыптасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қалаларының басым бөлігінде 29 шілде, жексенбі күні метеорологиялық жағдайлар жағымды болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
Ақтау, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Өскемен және Шымкент қалаларында жайсыз метеорологиялық жағдай болмайды немесе ауаның ластану қаупі жоқ.
Ал Астана, Қарағанды, Орал, түнде Атырау қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы ықтимал.
Алматыда метеожағдай қала атмосферасында ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.