Қазақстан-Канада университетін ашуға әлі ерте - Канада Елшісі

АЛМАТЫ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Канаданың Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан республикаларындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Маргарет Скок ертең Астанада ҚР Білім және ғылым министрімен кездеспек.
None
None
Оны бүгін Алматыдағы Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің ректоры Бақытжан Жұмағұловпен болған жүздесуде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біз шет елде мамандар дайындауға арналған мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасындағы Канада университеттерінің санын ұлғайтуға мүдделіміз. Осыдан 2 жыл бұрын Канададағы Қазақстан студентерінің саны 28 еді. Биыл ол 180-ге жетіп отыр. Канаданың 30-дай университеті қазақстандық оқушылар мен олардың ата-аналарын және жоғары оқу орындардың оқытушы ғалымдарын ақпараттандыру үшін әдетте қазан айында білім көрмесін ұйымдастырады», - дейді Маргарат Скок. Оның айтуынша, Қазақстан-Канада университетін ашуға әлі ерте. Бұл қомақты бюджетті қажет етеді. Өз елінде халықаралық стандарттарға сай маман дайындау ісі жолға қойылғанын айтқан Канада Елшісінің сөзіне қарағанда, онда университеттер мен колледждер жеке сектор үшін кейде инновация орны болып табылады. Студенттер жеке секторда тәжірибеден өтіп, жұмыс жасау арқылы олардың қажеттіліктерін зерттейді. Сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Соңғы жаңалықтар