Қазақстан қандай құрылыс материалдарын импорттайды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл 6 айда еліміз 556 млн доллардың құрылыс материалдарын импорттады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан қандай құрылыс материалдарын импорттайды

«2023 жылдың бірінші жартыжылдығында құрылыс материалдары өнімінің импорты 556,4 млн АҚШ долларын (2022 жылдың 6 айында 605,6 млн доллар) құрады. Нақты мәнде тауар импорты 1 383,9 мың тонна болды»., - делінген министрліктің агенттік сауалына берген жауабында.

Ведомствоның нақтылауынша, осы жылдың қаңтар-мусымында елімізге сырттан әкелінген құрылыс материалдарының ішінде мына тауарлар басым болды: керамикалық плитка, қағаз түсқағаз, полимерлі этиленнен жасалған тақталар, табақтар мен үлдірлер, отқа төзімді кірпіш, қож-мақта, минералды силикат мақта, портландцемент, керамикалық кірпіш, отқа төзімді семент, сантехникалық бұйымдар және басқалары.