Қазақстан қандай шикізат емес тауарларды экспорттайды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан шет елдерге негізінен машина жасау, химия, қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі тауарларын шығарады. Алайда өткен жылдан бері шикізат емес тауарлардың да экспорт көлемі өсіп келеді. Бұл туралы Kazinform агенттігінің ресми сауалына Сауда және интеграция министрлігі жолдаған жауапта жазылған.

 10 айда өңделген тауарлар экспорты 23,3 млрд АҚШ долларына жетті - ҰЭМ
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

— 2024 жылы және 2025 жылдың алғашқы екі айында Қазақстаннан тыс шығарылатын өңделмеген (шикізат емес) тауарлардың экспорт көлемі негізгі позициялар бойынша натуралды мәнде де, ақшалай мәнде де айтарлықтай өсті, — деп мәлімдеді министрліктен.

Сонымен, Қазақстан қандай тауарларды, қанша көлемде экспорттады?

Ферроқорытпа

  • Елдің негізгі экспорттық тауарларының бірі болып қала береді:
    2024 жыл бойынша: 1,81 млн тонна — $2,43 млрд-қа
    2025 жылдың қаңтар–ақпанында: 268,8 мың тонна — $329,9 млн-ға.

Өңделмеген алюминий

  • 2024 жыл: 242 мың тонна — $543 млн-ға
    2025 жылдың басында экспорт көлемі 45%-дан астам төмендеді, экспорттан түскен табыс — $91,8 млн.

Өңделмеген қорғасын

  • 2024 жыл: 105 мың тонна — $202 млн.

Бастапқы формадағы пластмассалар

  • 2024 жыл: 272 мың тонна — $229 млн
    2025 жылдың басы: 10,3 мың тонна — $9,7 млн.

Күнбағыс майы

  • 2024 жыл: 496 мың тонна — $430 млн
    2025 жылдың қаңтар–ақпаны: 113,9 мың тонна — $108,1 млн.

Күнбағыс күнжарасы

  • 2024 жыл: 452 мың тонна — $91 млн
    2025 жылдың алғашқы екі айы: 108,1 мың тонна — $19,9 млн.

Электр генераторлары

  • 2024 жыл: 2,71 мың тонна — $58 млн.

Турбореактивті қозғалтқыштар

  • 2024 жыл: $162 млн-ға
  • 2025 жылдың басы: $13,9 млн, бұл - өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20 есе жоғары.

Органикалық химия

  • 2024 жыл: $4,55 млрд (көлемі 4%-ға артты)
    2025 жылдың басы: 564,7 тонна — $72,5 млн.

Органикалық химияның өзге бағыты

  • 2025 жыл: 10,3 мың тонна — $9,7 млн.

Минералды тыңайтқыштар

  • 2024 жыл: 403 мың тонна — $179 млн
  • 2025 жылдың басы: 85,2 мың тонна — $38,6 млн.

Фармацевтикалық өнімдер

  • 2025 жылдың басы: $2,44 млн.

Турбиналар

  • 2025 жылдың басы: $68,5 млн.

Сондай-ақ, шикізаттық емес өнімдер қатарына мыналар кіреді:

  • Бейорганикалық химия — 31,6 мың тонна ($15 млн)
  • Сиыр еті — 3,3 мың тонна ($13,4 млн)
  • Қамыс қанты — 51 мың тонна ($21,8 млн)
  • Алюминий фольгасы — $91,8 млн (2025 жылдың басы)
  • Алюминий профильдері — шамамен 29 мың тонна ($82,5 млн)

Сауда және интеграция министрлігі бұл деректер Қазақстан экспорты құрылымында қайта өңдеу, машина жасау, химия және тамақ өнеркәсібі өнімдерінің үлесі айтарлықтай артқанын көрсететінін атап өтті.

— Көп жағдайда экспорттық табыс физикалық көлемдерге қарағанда жылдамырақ өсіп отыр, — деді ведомстводан.

Еске сала кетсек, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мәжіліс депутатының «Қазақмыс» кәсіпорны экспорттап отырған кен мен концентраттар туралы сауалына жауап берген еді.

Соңғы жаңалықтар