Қазақстан Канн фестивалінде Д.Өмірбаевтың «Студент» және А.Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» фильмдерін ұсынады

Жанама түрде елімізді фестивальдің ашылуына түйе мініп келіп, француз жұртшылығын мұқалтқан қияли тұлға Саша Барон Коэн жарнамаламақ. Бұл туралы өзінің «Кому и верблюд невеста» атты мақаласында (2012 жылғы 17 мамыр, №86 (17444) саны) «Экспресс К» газетінің журналисті Тимур Таранчиев жазады.
Бұл Бораттың Канн фестивалінің жұртшылығын эпаждауының бірінші оқиғасы емес. Осылайша, 2006 жылы ол рәсімге ер адамдардың жағажайлық бикиниін киіп келген болатын. Осы жолы Саша Барон Коэн өзі бас рөлді сомдаған «Диктатор» жаңа фильмінің ойдан шығарылған Аладдин генералының бейнесінде шықты. Carlton қонақүйінен шығаберісте оны қысқа белдемше киіп алған амазонка қыздардың бір тобы күтіп тұрды. Коэн түйесіне мініп, жақын орналасқан дәмханадан екі кофеге тапсырыс берді - біреуі өзіне, екіншісі бүкір досына. Бұдан кейін ол Ralph Lauren бутигіне кіріп, түйесіне сарғылт түсті мойынорағышты сатып алды.