Қазақстан каратэден Азия чемпионатын үздік үштікте аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Индонезияның Бали аралында WKF каратэден ересектер арасындағы XXII Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстан каратэден Азия чемпионатын үздік үштікте аяқтады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан командасы 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 3-орынға тұрақтады.

Қазақстан каратэден Азия чемпионатын үздік үштікте аяқтады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Біздің жүлдегерлер: 

  • Жоламан Биғабыл (-55 кг)
  • Олжас Алтынбек (-67 кг)
  • Әсел Қанай (-61 кг)
  • Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг)
  • Бэлла Самашева (-55 кг)
  • Дайяна Даренская (-68 кг)
  • Никита Тарнакин (-84 кг)

Жалпыкомандалық есеп:

1. Жапония (5 алтын, 3 күміс, 5 қола)

2. Иран (3 алтын, 1 күміс, 5 қола)

3. Қазақстан (2 алтын, 2 күміс, 3 қола)

4. Иордания (2 алтын, 2 күміс)

5. Сауд Арабиясы (1 алтын, 2 күміс, 1 қола)

Қазақстан каратэден Азия чемпионатын үздік үштікте аяқтады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Айта кетейік, биылғы чемпионатқа құрлықтағы 33 мемлекеттен 400-ден астам спортшы қатысты. Бұл жарыс Қазақстан командасы үшін күзде Жапонияда өтетін XX жазғы Азия ойындарына дайындықтың негізгі кезеңі саналады.

Осыған дейін Қазақстан пара-каратэ командасы Азия чемпионатында жалпы есепте топ жарғанын жазғанбыз.