Қазақстан Қарулы Күштері барлау топтарының «Алтын Үкі» жарысын өткізуде

АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы Спасск оқу-жаттығу орталығында шет мемлекеттер қарулы күштері өкілдерінің қатысуымен арнайы мақсаттағы барлау топтарының «Алтын Үкі» халықаралық жарысы басталды.
None
None

Халықаралық деңгейдегі іс-шараға қатысу үшін оқу орталығына Қазақстан, Ресей, Иордания, Қытай және Тәжікстан қарулы күштерінің бөлімшелері келді, деп хабарлайды еліміздің Қорғаныс министрлігінен.

Барлаушылар бұл сында жоғары дене даярлығы деңгейін және атыс дайындығын, мина жару ісіндегі, әскери-медициналық және радио даярлық бойынша білімдерін, бейтаныс жерде бағдарлау және картамен жұмыс істей білу дағдыларын дәлелдеуі керек.

Жарыс бірнеше кезеңнен тұрады. Олар бірінен соң бірі демалыссыз өткізілетін болады. Бұл қатысушылар үшін төзімділік сынағы да болмақ.

Барлау топтарына үш шақырымнан тұратын «барлаушы жолағынан» өтуге тура келеді. Ол қабырға, тікенек сымдар, жартастар және су кедергілері сияқты елуден астам элементтен тұрады. Кедергілер жолағынан өту барлаушылардан айтарлықтай дене даярлығы мен психологиялық даярлықты, ептілік пен шыдамдылықты талап етеді.

Бүгінгі күні барлау топтары түнгі жағдайда 30 шақырымдық марш жасап, арнайы іс-шаралар орындайтын ауданға шықты.

«Алтын Үкі» халықаралық жарысының шешуші кезеңі қару-жарақпен
10 шақырымдық марш жасаумен аяқталады.

Жарыстың нәтижесі сенбі, 13 шілде күні мәлім болмақ.

Соңғы жаңалықтар
Референдум