Қазақстан Қарулы Күштері басшы құрамының оқу-әдістемелік жиынын өткізуге әзірлік жұмыстары басталып кетті

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы Гвардейский гарнизонында Қазақстан Қарулы Күштері басшы құрамының оқу-әдістемелік жиынын өткізуге әзірлік жұмыстары басталып кетті. Жиын Мәтібұлақ полигонында 18-21 қараша аралығында өтеді.
None
None

  Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшылары, өңірлік әскери қолбасшылықтар басшылары, бригада командирлері мен олардың орынбасарлары үшін лекциялар оқылып, полигонда батальондық-тактикалық жаттығулар, жауынгерлік машиналар паркінде парктік-шаруашылық жұмыстары көрсетілетін болады.

Жиын барысында қазақстандық әскер басшылары жауынгерлік машиналарды жүргізуден, атудан және дене тәрбиесі дайындығынан емтихандар тапсырады. Жиынды өткізетін нысанның әзірлігімен ҚР Қорғаныс министрлігі штабтар бастықтары төрағасының орынбасары генерал-майор М. Дүйсекеевтің жетекшілігімен, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының  басшылығы, сондай-ақ Гвардейский гарнизоны әскери бөлімдерінің өкілдері айналысуда.

Дайындық жұмыстарын жалпы үйлестіру мақсатында Гвардейский қалашығына Қорғаныс министрлігінің орталық аппаратының бір топ  офицерлері жұмылдырылды. Оларды Штабтар бастықтары комитеті төрағасының бірінші орынбасары генерал-майор М.Дүйсекеев бастап келді.

Жиынға қатысушылардың жалпы саны 220-дан астам адам. Оларға дәріс беретін және емтихан қабылдайтын арнайы топ қазірдің өзінде тапсырма алып, басшылық құрамның білімі мен біліктілігіне әділ баға беруге әзір.

«Басшылық құрам офицерлері жиын жұмысына белсене қатыса отырып, өздерінің кәсіби деңгейін көрсетеді әрі білімдерін жетілдіретін болады», - дейді генерал-майор Мұқан Дүйсекеев.

Оның айтуынша, оқу-әдістемелік және көрсетілетін сабақтар командирлерге жауынгерлік, техникалық, тылдық қамтамасыз етуді ұйымдастыруда бірегей әдістерді меңгеруге септігін тигізбек. Офицерлер өзара тәжірибе алмасып, басқа бөлімдермен бірлесіп іс-қимыл жасап, берілген тапсырманы орындауға машықтанбақ.

Соңғы жаңалықтар