Қазақстан Қарулы Күштеріндегі үздік сержанттар анықталды
АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін «Отар» 40-әскери базасында Қазақстан Қарулы Күштерінің үздік сержанты атағына бесінші кезекті байқау аяқталды. Оған Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың, арнайы әскерлердің, әскери оқу орындарының үздік сержанттары қатысты. Байқау әскери-кәсіптік тұрғыда ең мықты дайындалған сержанттарды анықтау мақсатында жыл сайын өткізілетіндігін еске саламыз. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Шара қорытындысы бойынша «Қарулы Күштер түрінің, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтардың үздік сержанты» аталымында штаб-сержанты Ринат Сүйіндіков үздік деп танылған. Ал «Үздік бригада сержанты» аталымын №32363 әскери бөлімінің сержанты
2-сыныпты сержант Дәулет Есбердинов иеленсе, №61993 әскери бөлімінің әскери қызметшісі 2-сыныпты сержант Дәурен Мырзабаев «Үздік батальон сержанты» атағына ие болды.
«Үздік рота сержанты» атағына бас жүлде №18404 әскери бөлімінің өкілі 3-сыныпты сержант Александр Пономаренкоға бұйырды. Осы әскери бөлімнің әскери қызметшісі кіші сержант Қанат Құрманов «Үздік взвод сержанты» деп танылса, «Үздік бөлімше сержанты» атағын №28079 бөлімше командирі кіші сержант Жалғас Абдуаипов жеңіп алған.