Қазақстан Қарулы күштерінің офицерлері түгелдей аттестаттаудан өтті

Аттестаттаудан сәтті өткен бірқатар офицер жоғары әскери лауазымдарға ұсыну үшін резервке енгізілді, сондай-ақ 2015-2017 жылдары әскери жоғары оқу орындарына жолдама алды.
Қазақстанның Қарулы күштеріндегі аттестаттау міндетті түрде үш жылда бір рет болады. Одан барлық офицерлер өтеді. Әскери оқу орындарының тыңдаушылары, аттестаттау өткізілу кезінде оқуды тәмамдаған түлектер, әскери қызметте шекті жасқа жеткендер және жарамсыз немесе шектеулі жарамды болып танылған адамдар, сондай-ақ аттестаттау кезінде алғашқы «лейтенант» әскери атағы, жүктілік, бала күтімі бойынша демалыстағы әйел офицерлер немесе аталған демалыстан кейін қызметке кіріскен кезінде қылмыстық іс қозғалған офицерлер тексеріске тартылмайды.
Қайта емтихан тапсырудың негізгі міндеттері әрбір офицердің кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін, әлеуетті мүмкіндіктерін, оның атқарып отырған лауазымға сәйкес келуін анықтау, сондай-ақ жетілдіру мен нығайтуды қажет ететін офицерлер корпусының «осал» тұстарын айқындаудан тұрады. Сонымен бірге, аттестаттау жаңа анағұрлым күрделі кәсіби тапсырмаларға әзір әскери қызметшілердің әрі қарайғы мансаптық өсуіне жаңа перспективалар ашады.