Қазақстан кәсіпкерлері Біріккен Араб Әмірлігіне бал экспорттап жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстаннан шетелге бал экспорттауға қолдау жасалып отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Экспорттық қаржыландыру бойынша пайыздық ставканы субсидиялау тұрғысында тағы бір қадамға бастамашылық еттік. Бұл өз кезегінде сыртқы нарықтарға жоғары технологиялық өнімді жеткізу бойынша шарттарға қолдау жасайды. Қолдаудың осы түрін күтіп отырған кәсіпорындар тізімі бар, олар жыл сайын 300 млрд теңгеден астам сомаға осындай өнімді экспорттауға дайын», - деді министр онлайн режимде халық алдында есеп беру кезінде.

Осы орайда ол экспорттаушылармен тәулік бойы байланыста болу тетіктері ескерілгенін жеткізді.

«Биыл Лепсіден Біріккен Араб Әмірлігіне 10 тонна бал жеткізуге көмектестік. Сонымен қатар, 22 тонна ет өніміне авиаэкспресс ұйымдастырдық. Өткен жылы алғаш рет біздің аккумуляторларды Италияға экспорттау іске асырылды. Камбоджаға ұшу-навигациялық тренажерлерін жөнелттік. Бұл өз кезегінде экспорттаушылар үшін мемлекеттік қолдау шаралары елеулі екенін байқатып отыр», - деді Сұлтанов.


Соңғы жаңалықтар