Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының жаңа президенті тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның президенттік кәсіпқой футбол лигасының жаңа президенті болып «Ордабасы» және «Оқжетпес» футбол клубтарының бұрынғы спорт директоры Бағлан Ергешев тағайындалды, деп хабарлады Vesti.kz.
Оның кандидатурасын 18 мамырда өткен лига кеңесінде бірауыздан бекітті.
Ергешев отставкаға кеткен Олжас Абраевтың орнын басады.
Бүгін белгілі болғандай, Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтхожин отставкаға кетті. Оның отставкаға кету туралы өтініші Атқарушы комитеттің алдағы отырысында қаралады.