Қазақстан кәсіптік-техникалық білім берудің халықаралық стандарттарына көшуде
бағытталған арнайы техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда, деп хабарлады pm.kz сайты.
Қазіргі таңда Қазақстанда Индустрияландыру бағдарламасындағы кадр сұранысын есепке ала отырып, кәсіптік-техникалық білім беруді жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынуда.
Елбасының тапсырмасына сәйкес Қазақстанның Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында кәсіптік-техникалық білім берудің халықаралық стандарттары енгізілетін әлемдік деңгейдегі 4 колледждің құрылысы жоспарланып отыр.
«Бизнес-қоғамдастықпен және Сингапур, Германия, Нидерланды елдерінің жетекші оқу орындарымен серіктестікте әлемдік санаттағы колледждер желісін дамыту үшін «Кәсіпқор» Холдингі» АҚ құрылды», - деп мәлімдеген болатын Премьер-Министр Кәрім Мәсімов «Нұр Отан» ХДП кеңейтілген отырысында жасаған баяндамасында.
«Кәсіпқор» ұзақ мерзімді стратегиясы оқу орындарын білім алудың қос жүйелі бағдарламасына ауыстыруға негізделген. Бастапқы кезеңде «Кәсіпқор» холдингінің коллеждерінде білім беру үрдісі келесідей кесте бойынша құрылатын болады: оқудың 80 пайызы білім беру орнында, 20 пайызы өндірісте өтеді. Оқу орындарында өндірістік циклге еліктеу қалыптастырылып, студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізу үшін кәсіпорындармен келісімшарттар жасалады. Ілкі режімде 1-2 мамандық бойынша қос жүйеде білім беру бағдарламалары әзірленеді.
«Кәсіпқордың» жаңа колледждерінде 7 мектеп, атап айтқанда, инжиниринг мектебі, сәулет және құрылыс мектебі, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар мектебі, дизайн және жобалау мектебі, агроөнеркәсіптік кешен мектебі, металлургия және машина жасау мектебі, пәнаралық мектеп (кәсіптік мектеп) жұмыс істейтін болады. Әрбір колледжде инновация және даму орталығы ашылады. Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім беру саласында ұстаздар даярлау үшін Астанада мұғалімдердің біліктілігін арттыру Орталығы жұмыс істейтін болады.
Кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту үшін қазіргі таңда төрт өңіраралық орталықтың құрылысы жүріп жатыр. Атап айтсақ, Атырау қаласында мұнайгаз саласы үшін кадрларды даярлау мен қайта даярлау жөніндегі өңіраралық орталықтың құрылысы аяқталуға жақын. Екібастұздағы отын-энергетикалық сала үшін техникалық қамтамасыз ету еңбегі үшін және Өскемен қаласында машина жасау саласы үшін кадрларды даярлау мен қайта даярлау жөніндегі өңіраралық орталықтың құрылысы жалғасуда. Ағымдағы жылдың қараша айында Шымкент қаласында өңдеуші өнеркәсіп саласы үшін өңіраралық орталықтың құрылысы басталды.
Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші болып бұрынғы бастапқы және орта кәсіптік білімнің базасында техникалық және кәсіптік білім жүйесін құрды және бұл бастама кадрларды дайындауға техникалық бағыт беруге, бірнеше біліктілік деңгейін белгілеуге мүмкіндік берді. Өз кезегінде ұлттық экономика салалары үшін білікті мамандар даярлау жаңа индустриялық жобаларды жүзеге асырумен қатар Қазақстан Үкіметінің басты міндеттерінің біріне айналды.