Қазақстан-Қатар үкіметаралық комиссиясының жұмысын түрлі салада жандандыру керек - шейх Тәмим

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан-Қатар үкіметаралық комиссиясының жұмысын түрлі салада жандандыру керек. Бұл туралы Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан-Қатар үкіметаралық комиссиясының жұмысын түрлі салада жандандыру керек - шейх Тәмим

«Шағын құрамдағы кездесу барысында бірнеше мәселені талқыладық. Екі ел арасындағы ынтымақтастықты түрлі салада әр қарай дамыта түсу қажеттігін атап өттік. Сонымен қатар, бұған дейінгі келіссөздер барысында қол жеткізілген меморандумдарды қайда жандандыру жайына тоқталдық. Оның ішінде инвестицияларды өзара қолдау мәселесі де бар. Алдағы уақытта Қазақстан-қатар үкіметаралық комиссиясының жұмысын түрлі салада жандандыруымыз керектігін айттық», - деді шейх Тәмим.

Мәртебелі мейман 2020 жылғы коронавирусқа байланысты үкіметаралық комиссия жұмысы тоқтап қалғанына назар аударды.

«Жақын арада осы комиссия жұмысын қайта жалғастырады деп үміттенемін. Сонымен қатар, біз аймақтық және халықаралық деңгейдегі мәселелерді қозғадық. Ертең Қазақстан елордадасында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің VI саммиті өтеді. Осы саммитте біз саясат, қауіпсіздік және Азия аймағына қатысты өзге де өзекті мәселелерді талқылаймыз», - деді Қатар Әмірі.


Фото : t.me/bort_01