Қазақстан қатысатын бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының кестесі анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бокстан 19-22 жас арасында 16-27 қаңтар күндері Таиланд елінің астанасы Бангкок қаласында өтетін Азия чемпионатының (U-22) кестесі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдымен 16 және 17 қаңтар күндері техникалық рәсімдер өтіп, жеребе тартылады.

Жарыс 18 қаңтар күні басталады. 21-іне дейін бастапқы жекпе-жектер болады. 22 және 23 қаңтарда жартылай финалдар өтсе, 24-і – демалыс күні, 25-і және 26-сына финал жоспарланған.

Қазақстаннан жігіттер 13 салмақ дәрежесінде рингке шығады: Санжар Тәшкенбай (48 кг), Даниял Сәбит (51 кг), Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Талғат Сырымбетов (60 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Абзал Серік (67 кг), Сабыржан Аққалықов (71 кг), Диас Молжігітов (75 кг), Ерасыл Жақпеков (80 кг), Сағындық Тоғамбай (86 кг), Ерхат Бекзат (92 кг), Аманат Сабырғали (+92 кг).

Қыздардан мына спортшылар ел намысын қорғайды: Әнел Құдайберген (48 кг), Мөлдір Тойкова (50 кг), Жансая Рахимберді (52 кг), Әнел Сақыш (54 кг), Виктория Графеева (57 кг), Шахназ Исаева (60 кг), Назерке Серік (63 кг), Ақнар Ищанова (66 кг), Жасмин Қизатова (70 кг), Дана Дидай (75 кг), Гүлсая Ержан (81 кг), Елдана Тәліпова (+81 кг).

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мырзағали Айтжановтың бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері болғанын жазған едік.

Сондай-ақ Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан қыздар құрамасы анықталды.


Ашық көздерден алынған фото

Соңғы жаңалықтар