21:01, 23 Ақпан 2023 | GMT +5
Қазақстан қай елдерден алма мен алмұрт импорттайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстан 4,1 мың тонна алма мен алмұрт экспорттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұлттық статбюроға сілтеме жасап.
Негізгі елдер – Ресей (3,1 мың тонна – жалпы көлемнің 75%), Өзбекстан (616,4 тонна) және Беларусь (216,9 тонна).
Ең аз көлемде Қырғызстанға тасымалданады - 37 тонна.
Жалпы ТМД елдеріне 4 мың тоннадан астам жеміс экспортталды.
Әлемнің басқа елдерінің арасынан Моңғолияға 141 тонна алма мен алмұрт жеткізілді.
Осы кезең аралығында 113,5 мың тонна алма мен алмұрт импортталды.
Мұндағы ТОП 3 мемлекет: Польша – 62 мың тонна (импорттың жалпы көлемінің 54,8%), Өзбекстан – 17 мың тонна және Иран – 10 мың тонна.