Қазақстан қазір қант диабетіне шалдыққан 5-15 жас аралығындағы балаларды инсулин сорғысымен қамтамасыз етіп отырған әлемдегі жалғыз мемлекет болып отыр

АЛМАТЫ. 12 қараша. ҚазАқпарат - Қант сусамырымен ауыратындардың саны қазір әлемде 371 миллион адамды құрауда. Бұл бүгін Алматыда қант сусамымырына шалдыққан адамдарды инсулин сорғысымен емдейтін Қазақстандағы алғашқы орталықтың ашылуы туралы баспасөз мәслихатында айтылды.
None
None

«Қазақстандағы қант сусамырымен ауыратын 227 мың адамның 1800-ін балалар құрап отыр. Medtronic компаниясы бірегей құрал-жабдықтарын әкеліп, қант сусамырының бірінші түріне шалдыққан 5 жастан 15 жасқа дейінгі аралықтағы балаларға аз мөлшердегі инсулинді тері астына үздіксіз егу жүйесін енгізді. Ол балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік беруде», - дейді Қазақстан Диабетикалық қауымдастығының президенті Лейла Жұбандықова. Оның айтуынша, 5-тен 15 жасқа дейінгі Қазақстанның барлық балалары инсулин сорғысымен тегін қамтамасыз етілуде. Бұл - еліміздің үлкен жетістігі. Қазақстан қазір әлемде қант диабетіне шалдыққан барлық балаларды инсулин сорғысымен қамтамасыз етіп отырған жалғыз мемлекет болып отыр. Инсулин сорғысын қабылдағандар оны қабылдамайтын басқа балалардан ең алдымен психологиялық кедергіні жоюымен ерекшеленеді. Сондай-ақ олар аурудың асқынуынан қорғалған.

Соңғы жаңалықтар