Қазақстан кеден қызметі «Қалжат» кеденінде ұсталған жүктер бойынша қырғыз кәсіпкерлеріне қатысты шағымның жоқ екенін айтады

АЛМАТЫ. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Қазақстан кеден қызметі қырғыз кәсіпкерлеріне қатысты шағымның жоқ екендігін және ҚР заңнамасына сәйкес «Қалжат» кедендік бекетінде ұсталған жүктер бойынша шешім қабылдайтынын мәлім етті.
None
None

Бұл жайында бүгін арнайы өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысы бойынша КБД «Қалжат» кеден бекетінде ағымдағы жылдың ақпан айының 8-де жедел-іздестіру шаралар кешенін жүргізудің нәтижесінде ҚХР-нан Қырғызстанға тауар тасымалдаушы «Транс Стандарт» ЖШС, «Азия Тракт» ЖШС, «М-нефте-Сервис» ЖШС компанияларына тиесілі 54 көліктік құралдар ұсталған.

Кедендік тексеріс жүргізу жөніндегі шешім тауардың нақты жағдайының «транзит тауарлар» режимінде жүк кедендік декларация ретінде пайдаланылып, жеткізуді бақылау құжатындағы тасымалдаушылар көрсеткен мәліметтермен қаншалықты сәйкес келетінін тексеру мақсатында қабылданған. ҚХР кеденімен әріптестік жөніндегі келісімге сәйкес, Департамент жоғарыда көрсетілген автокөліктерге ҚХР-да экспортты кедендік рәсімдеу кезінде ұсынылған кедендік декларацияларды және тауарға ілеспе құжаттарды беру өтінішімен Үрімші кеденіне сұрау салған болатын. Нәтижесінде халық тұтынатын тауарлар жүгі тиелген 21 автокөлік құралы Алматы қаласына жөнелтілуі керектігі және аталған жүкті қабылдап алушылар ҚР азаматтары екендігі анықталған.

Сондай-ақ, автокөлік құралдарының жүк бөлігін тексеру барысында тасымалданған тауарлардың атауы, саны, салмағы және құны тасымалдаушылар ұсынған тауарға жолдама құжаттарындағы мәліметтерімен сәйкес келмейтіндігі белгілі болды.

Қылмыстық заңнамаға сәйкес, аталған құқық бұзу қылмыстық әрекет деп танылып, жалған құжаттарды пайдалана отырып ірі көлемдегі экономикалық контрабанда ретінде бағаланады.

Қазіргі уақытта тексеріс қорытындылары бойынша «Транс Стандарт» ЖШС, «Азия Тракт» ЖШС, «М-нефте-Сервис» ЖШС-ларының лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР ҚК 209 бабының 1-бөлігі бойынша 5 қылмыстық іс қозғалып отыр.

Соңғы жаңалықтар