Қазақстан Кеден одағы аясында 1 млрд. доллар шамасында агроөнімді экспорттады
Мамандардың айтуынша, интеграция Қазақстанның ауыл шарашылығы тауарын өндірушілерге жағымды әсер еткен. Мәселен, былтырғы жылдың өзінде 2012 жылмен салыстырғанда Қазақстанның Кеден одағы елдеріне экспорты 208 пайызға артып отыр.
«Бұл ретте экспорт көрсеткіші ауыл шаруашылығы тауарларын өңдеу бойынша да артып отырғанын айтуымыз керек. Нақтыласақ, 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығының өңделген тауарларының экспорты 60 пайызға өскен», - дейді Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.
Оның айтуынша, Кедендік одақ аясында қазақстандық тауар өндірушілері бәсекелестікте шыңдалып қана қоймай, өздерінің мүмкіндіктерін сыртқы һәм ішкі нарыққа да кеңейтіп отыр.
Тоқтала кететін жайт, Іскерлік кеңес мүшелері Кеден одағы арқасында қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 170 млн. халқы бар, шамамен жалпы ішкі өнім сомасы 1,8 трлн. долларын құрайтын нарық ашылғанын атап өтеді.