Қазақстан кеденшілері Түркиядан тауарлардың контрабандалық жолмен жеткізілуінің ірі арнасын жапты

АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - Кедендік бақылау комитеті Контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Түркия Республикасынан халық тұтынатын тауарлардың контрабандалық жолмен жеткізілуінің кезекті ірі арнасының жолын кесті.
None
None

Халық тұтынатын тауарлар Түркиядан Қазақстан Республикасы азаматының атына әкелінген және Батыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызмет аймағында рәсімделген.

Түркия кеден органдарынан алынған экпорттық декларацияларды облыстық кедендік департаментінде рәсімделген импорттық декларациялармен салыстырған кезде мәлімделген кедендік құнда, атауында және рәсімделген тауарлардың санында елеулі алшақтықтар анықталды.

Мамандардың қорытындысына сәйкес декларацияланбаған тауарлардың кедендік құны 21 млн. 117 мың 757 теңгені құрады, нәтижесінде мемлекетке келтірілген зиянның сомасы 7 млн. 139 мың. 648 теңгені құрап отыр.

Экономикалық контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 9 айында Қазақстан Республикасының кеден органдары барлығы 552 қылмыстық іс қозғап, анықталған тауарлардың сомасы 9,5 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы ҚР ҚМ КБК баспасөз қызметінен хабарлады.

Соңғы жаңалықтар