Қазақстан кейбір жасанды интеллект жүйелеріне заңмен тыйым салмақшы

АСТАНА. KAZINFORM – Мәжілісте Жасанды интеллект туралы заң бірінші оқылымда талқыланып жатыр.

Өзбекстанда енді мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі бағаны жасанды интеллект қадағалайды
Фото: pixabay.com

Құжатты таныстырған депутат Екатерина Смышляева заң жобасы жасанды интеллект жүйелері мен түрлерінің жұмысына қандай жағдайда тыйым салатынын айтты.

- Заң жобасында қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылады. Енді жасанды интеллект жүйелері тәуекел деңгейіне қарай, ең төменгіден бастап ең жоғарыға дейін жіктеледі. Жоғары тәуекел жүйелері аса маңызды ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісіне жатқызылатын болады.

Сонымен қатар, заң жобасы жасанды интеллект жүйелерін көмекшілерге, жартылай автономды жүйелерге және толық автономды алгоритмдерге бөледі. Соның нәтижесінде Қазақстан Республикасының аумағында кейбір жүйелерді қолдануға тыйым салынады, - деді ол.

Құжат жасанды интеллектіні пайдаланудың мына түрлеріне де тыйым салуды көздейді:

- Адамдардың саналы келісімінсіз мінез-құлқына әсер ететін жасанды интеллектіні қолдануға;

- Адамдардың осалдығын (жасы, мүгедектігі, әлеуметтік жағдайы) әдейі пайдаланатын жасанды интеллектіні пайдалануға;

- Адамдарды әлеуметтік мінез-құлқы немесе сипаттамалары бойынша бағалауға немесе жіктеуге (әлеуметтік скоринг);

- Адамдардың эмоцияларын олардың келісімінсіз талдау үшін жасанды интеллектіні пайдалануға;

- Заңмен рұқсат етілген жағдайлардан басқа кезде нақты уақыт режимінде қоғамдық орындарда бет-әлпетті тану үшін жасанды интеллектіні қолдануға;

- Заңнамада тыйым салынған жасанды интеллект қызметінің нәтижелерін жасауға және таратуға тыйым салынады.

Бұған дейін Қазақстанда қай салаға жасанды интеллект белсенді енгізіліп жатқанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар