Қазақстан кейінгі 3 жылда неше елге гуманитарлық көмек ұсынды

Қазақстан халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі болғандықтан, басына қиын іс түскен мемлекеттерге қолдан келген көмегін аяп көрген емес. Оған кейінгі жылдың ішінде ғана жан-жаққа жөнелтілген гуманитарлық жүктер дәлел. Гуманитарлық көмектің басым бөлігі Орталық Азиядағы іргелес елдерге көрсетілгенін айта кету керек, деп хабарлайды Kazinform.

гуманитарлық
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Сыртқы істер министрлігінің жанындағы «Қазақстан халықаралық даму агенттігі» (KazAID) коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұсынған дерек бойынша, 2021 жылы Қазақстан 13,9 млн доллардың гуманитарлық көмегін көрсеткен. Көмекті қабылдаушы елдер – Қырғыз Республикасы, Тәжікстан және Ауғанстан.

гуманитарлық
Фото: Kazinform

Ал 2022 жылы 23,4 млн доллардың гуманитарлық көмегін Пәкістан Ислам Республикасы, Украина, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан және Ауғанстан елдеріне жолдаған.

гуманитарлық
Фото: Kazinform

2023 жылдың қаңтарынан бүгінге дейін 62,7 млн доллардың гуманитарлық көмегін Пәкістан Ислам Республикасы, Түркия Республикасы, Сирия Араб Республикасы, Тәжікстан және Ауғанстан елдеріне жөнелткен.

гуманитарлық
Фото: Kazinform