Қазақстан Қытайға май өнімдері экспортын $250 млн жеткізуді көздеп отыр

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Қытайға май өнімдерін экспорттау бойынша рекордты жаңартып, $250 млн көрсеткішіне жеткізуді көздеп отыр, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Елімізде күнбағыс майы қаншадан сатылып жатыр
Фото: Energyprom.kz

Майлы дақылдарды өңдеушілер ұлттық қауымдастығының (МДӨҰҚ) басқарма төрағасы Ядыкар Ибрагимовтің айтуынша, экспорттың өсуіне ықпал ететін факторлардың бірі – Қазақстанда өндірілген ақуызы жоғары жемшөптер үшін Қытай нарығының ашылуы болды, ол үшін қытайлық сатып алушылар жоғары баға ұсынып отыр.

Қазақстанның май зауыттары Шанхайда өткен Қытай халықаралық импорт көрмесінде $56 млн-ға келісімшартқа отырды.

Ядыкар Ибрагимовтің айтуынша, Шанхайда биыл қазақстандық 12 май зауыты май өнімдерін ұсынады.

Бүгінгі таңда Қытай қазақстандық май өнімдері экспорты бойынша қаржылай көрсеткіште көш бастап тұр. Майлы дақылдар өңдеушілер ұлттық қауымдастығының басқарма төрағасы қазақстандық 24 май зауытын Қытай кеден тізіліміне жедел енгізуге жәрдемдескен салалық министрліктер — ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан болған қолдаудың маңыздылығы атап көрсетті.

Сондай-ақ өсімдік майларының ай сайынғы экспорттық көлемін біркелкі бөлу бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен үйлестірілген жұмыс маңызды аспект болып саналады. Май өңдеушілер екі жыл ішінде Қытайға өсімдік майы мен мал азығы экспортын $300 млн деңгейінде жеткізуді жоспарлап отыр.

Қазақстанның CIIE–2024 көрмесіне қатысуы Қытай нарығына май өнімдері экспортын кеңейту мен еліміздің Азиядағы сауда позициясын нығайтудағы маңызды қадам болды.

Осыған дейін Олжас Бектенов Қытайдың жетекші компанияларының өкідерімен кездесіп, 2,5 млрд долларға келісім жасағанын жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар