22:14, 07 Ақпан 2024 | GMT +5
Қазақстан қыз-келіншектері тұтынатын косметиканың 93 пайызы шетелден келеді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда косметика өндірісі 6,1% өсті.

Ұлттық статбюро мәліметіне сенсек, 2023 жылғы қаңтар-қараша аралығында Қазақстанда 6,1 мың тонна парфюмерия және косметика өндірілген.
Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,1% артық.
Бұл ретте аталған өнімдердің экспорты да өсті — 54,5%.
Өткен жылдың қаңтар-қараша айларында 3,8 мың тонна косметика экспортталды.
Бұған қарамастан импорт өнімдерінің үлес салмағы әлі де басым — өнімнің 93,6% шетелден келеді.
Өткен жылдың 11 айында 89,6 мың тонна өнім импортталған (өсім 36,4%).
Өткен жылдың 11 айында ішкі нарықта 91,9 мың тонна өнім сатылды, бұл бір жыл бұрынғыдан 33,2% артық.