Қазақстан клубтары УЕФА рейтингісінде алға жылжыды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының Еуропа Лигасының екі кезеңінен өткені оның клубтар рейтінгісінде 37 орынға көтерілуіне себеп болды, деп хабарлады vesti.kz.
Сонымен қатар, еліміздің чемпионы «Ақтөбе» көрсеткіштегі орнын 24 орынға көтерсе, «Астана» 76 орынға алға жылжыды. Бүгінде рейтингте Еуропаның 454 клубы бар. Оған соңғы бес жылда еурокубокқа қатысқан командалар ғана кіреді.
Қазіргі уақыттағы клубтар рейтінгісі төмендегідей:
«Ақтөбе» - 8,425 ұпай, 172 орын (8,150 ұпай, бұрынғы рейтингтегі орны1- 96 орын); «Шахтёр» - 6,675 ұпай, 209 орын (5,400 ұпай, 246 орын); «Астана» - 3,175 ұпай, 327 орын (1,900 ұпай, 403 орын); «Тобыл» - 3,175 ұпай, 327 орын (3,400 ұпай, 329 орын); «Ертіс» - 2,925 ұпай, 346 орын (2,900 ұпай, 349 орын); «Қайрат» - 2,425 ұпай, 370 орын (-); «Ордабасы» - 2,425 ұпай, 370 орын (2,150 ұпай, 388 орын); «Атырау» - 2,425 ұпай, 370 орын (2,150 ұпай, 388 орын); «Жетісу» - 2,175 ұпай, 386 орын (1,900 ұпай, 403 орын).