Қазақстан КО елдеріндегі алкогольдік өнім айналымы туралы келісімнің жобасын әзірледі
АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан Кедендік одақ елдеріндегі алкогольдік өнім айналымы туралы келісімнің жобасын әзірледі.
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, тарифтік емес кедергілерді төмендету бойынша жұмыс басталды және бұл шаралар мемлекет басшыларының тапсырмаларына сәйкес атқарылуда.
«Атап айтқанда, КО бойынша серіктес елдердің нарықтарына біздің алкогольдік өнімнің өтімділігі бойынша мәселе туындады. Қазіргі кезде алкогольдік өнім айналымы туралы келісімнің жобасы әзірленіп, ол үш елде келісіліп жатыр. Ол қабылданғаннан кейін біздің өнімді өткізуге байланысты кедергілер шешімін табады деп үміттенеміз»,-деді вице-министр.