Қазақстан командасы әлем чемпионатында Олимпиада чемпионы Франциямен кездесті
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Әзербайжан астанасында дзюдодан ересектер арасындағы әлем чемпионатында командалық сайыс (микст) өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан командасы алғашқы кезеңде Париж Олимпиадасының жеңімпазы Франциямен күш сынасты. Бұл айқаста 1-4 есебімен қарсылас басым түсіп, ширек финалға жолдама алды.
Ұлттық құрама сапында Жантілек Нұртілепұлы, Дина Мұханбет, Ерсұлтан Дүйсенхан, Мөлдір Нарынова мен Ермахан Ануарбеков татамиге шықты. Осылайша, Қазақстан Бакудегі чемпионатты Шерзод Давлатов (-60 кг) қол жеткізген 1 күміс медальмен аяқтады.
Биыл 93 мемлекеттен 622 татами шебері жиналды.
Айта кетейік, келесі жылғы әлем чемпионатын жазда Астана қаласы қабылдайды.
Қазақстанның 10 боксшысы Черногориядағы әлем чемпионатында бақ сынайтынын жазған едік.