Қазақстан командасы Азия чемпионатында әйелдер күресінен жеті медаль алды

Қазақстан командасы Азия чемпионатында әйелдер күресінен жеті медаль алды
Фото: olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Әйелдер күресінен Қазақстан командасы Амманда (Иордания) өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында жеті медаль жеңіп алды.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Камила Апекова (50 келі), Шұғыла Өмірбек (57 келі) және Тыныс Дубек (62 келі) күміс жүлдегер атанды.

Қола медаль иегерлері қатарында Зейнеп Баянова (53 келі), Гүлдана Бекеш (59 келі), Бейбіт Сейдуалы (68 келі) және Алина Ертөстік (76 келі) бар.

Соңғы жаңалықтар