05:16, 16 Маусым 2024 | GMT +5
Қазақстан командасы cтенд атудан әлем кубогына қатысып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM - Стенд атудан Қазақстан командасы Италияның Лонато қаласындағы рейтингілік әлем кубогына қатысып жатыр.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, әлем кубогы кезеңі 10-19 маусым аралығында өтіп жатыр. Турнирге 500-ден аса спортшы барған.
Қазақстан атынан 15 спортшы өнер көрсетеді. Мергендер трап, скит аралас трап-микс және скит-миксте сынға түседі.