Қазақстан командасы эстафетадан Азия чемпионы атанды
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Қытайдың Шаосин қаласында басталған эстафета жүгіруден ІІ Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алтын жүлде түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Аралас командалық сында (микст) 4×400 метр Қазақстан атлеттері мәреге бірінші жетті.
Команда сапында Андрей Соколов, Мария Шувалова, Эльнор Мухитдинов пен Аделина Земс жарыс жолына шықты.
Біздің спортшылар арасынан ең үздік аралық нәтижені Эльнор Мухитдинов көрсетті (100 метрді 46.14 секундта жүгірді).
Эстафета жүлдегерлері:
1. Қазақстан
2. Үндістан
3. Қытай
Айта кетейік, 2 күнге созылатын жарысқа 9 елден 105 атлет жиналды. Енді спортшылар 4х400 метр эстафетада ерлер мен әйелдер арасында кім мықтыны анықтайды.
Осыған дейін 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындары Қытайдың Санья қаласында өтіп, акватлоннан Қазақстан құрамасы аралас эстафеталық жарыста төртінші орынға ие болғаны туралы жаздық.