Қазақстан командасы армреслингтен Азия чемпионатында үздік атанды

ТАШКЕНТ. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Ташкентте армреслингтен өткен VIII Азия чемпионатында Қазақстан командасы үздік атанды,

Қазақстан  командасы    армреслингтен  Азия чемпионатында     үздік атанды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстандық команда екінші орынды иеленген Өзбекстан командасы мен үшінші орынды қанағат тұтқан Тәжікстан спортшыларын айқын басымдықпен жеңіп, бас жүлдені жеңіп алды. Чемпионатқа Азияның 10 елінен барлығы 200-ден астам спортшы қатысты. Турнирде сондай-ақ ардагерлер мен мүгедектер де күш сынасты. Жаттықтырушылардың айтуынша, чемпионат спортшыларға қыркүйек айында Венецияда (Италия) өтетін әлемдік біріншілікке жақсы дайындық кезеңі болып отыр.