Қазақстан командасы балалар мен жасөспірімдердің «Copa Coca-Cola» халықаралық турниріне қатысады
АЛМАТЫ. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - Балалар мен жасөспірімдердің «Copa Coca-Cola былғары Доп» турнирінің жеңімпазы болған қазақстандық команда еліміздің намысын балалар мен жасөспірімдердің «Copa Coca-Cola» халықаралық турнирінде қорғайтын болады.
«Copa Coca-Cola» турнирі балалар мен жасөспірімдердің кәсіптік емес командалары арасындағы шағын «әлемдік біріншілік» болып табылады, осы турнирден кейін балалардың көпшілігіне үлкен футболға жол ашылады.
Биылғы жылдың мамыр айында өткен «Coca-Cola Былғары Доп» турнирінің финалдық ойынында жеңімпазды тек пенальти жолымен анықтауға тура келді, нәтижесінде Жамбыл облысының Мерке ауылы № 17 орта мектебінің балалары озып шықты. Отандық футболдың тарихында екінші рет «Coca-Cola Былғары Доп» турнирінің ересектер тобының жеңімпаздары, ең соңғы әлем біріншілігінің астанасы ОАР-ның Претория қаласындағы атақты Tuks Sport Campus спорт орталығында қыркүйек айында өтетін үлкен халықаралық түрнирде біздің еліміздің намысын қорғайды. Келісімен жеребе тартылып, біздің балалар өздерінің қарсыластарын біледі. Ойындар бірнеше жерде өтеді, ал финалдық бәсеке «Tuks Soccer Stadium» алаңында болып, онда барлық қатысушылар әуесқой командалар арасындағы әлем чемпионы атағы үшін таласатын қызықты ойынды тамашалайды.
Біздің команда осы сапар алдында, Тараз және Алматы қалаларында бірнеше оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Таразда «Тараз» ФК қолдауымен Жамбыл облысының балалар мен жасөспірімдер футбол орталығының және «Тараз» ФК балалар командалары бапкерлерінің көмегімен ойындар ұйымдастырылды.
Осы жиындар кезінде балалар буындарын қыздырып, әртүрлі ойын тәсілдерін қайталап, жаттығулар жасады, сондай-ақ «Тараз» ФК балалар мен жасөспірімдер командасымен және аймақтық футбол орталықтарының командаларымен спарринг-кездесулер өткізді.Осы кездесулер барысында клубтың мамандары балалардың ойындарын бақылап, олардың кейбіреуіне «Тараз» ФК жастар командасында өз күштерін сынап көруді ұсынуға дайын екендіктерін білдірді.