Қазақстан командасы көркем гимнастикадан әлем кубогінде «қола» алды

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Ташкентте өтіп жатқан әлем кубогінде Қазақстан командасы көркем гимнастикадан топтық жаттығуларда қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

Ұлттық құрама сапында Сағина Мұратқызы, Айсұлу Мұрзағалиева, Рената Жолдинова, Айдана Шаяхметова, Аружан Қасенова, Әсел Шүкірбай өнер көрсетті.

«Алтын» - Болгария командасында, күміс медальді Өзбекстан спортшылары еншіледі.

Жарыстар 17 сәуірге дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар