Қазақстан командасы үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Пхенчханда (Оңтүстік Корея) үстел теннисінен 26-шы Азия чемпионаты басталды. Командалық есепте Қазақстан құрамасы 1/4 финалға өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан командасы үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына өтті
Фото: olympic.kz

Бағдарламаның бұл түрінде ел намысын Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжіғұлов, Владислав Захаров, Сарвиноз Миркадирова, Анастасия Лаврова, Зәуреш Ақашева, Ангелина Романовская қорғайды.

Спортшы қыздарымыз Бангладешті 3:0, Непалды 3:0, Өзбекстанды 3:0, ал ерлер Непалды 3:0, Бангладешті 3:0, Қырғызстанды 3:0, Таиландты 3:2 есебімен жеңді.

Келесі раунд ойындары бүгін, 4 қыркүйек күні өтеді.