Қазақстан көмірін экспорттық бағыттарға тасымалдауда проблемалар бар

Оның айтуынша, бүгінгі күнде көмірді экспорттық бағытқа жөнелту кестесінің арта қалушылығы 620 мың тоннаны құрап отыр. Күн сайын 2-2,5 мың жартылай вагондар жетіспейді. Соның кесірінен қазақстандық көмір қабаттамаларының Ресей электр сансаларының алдындағы келісім шарттық міндеттемелері орындалмай отыр. Осының салдары Қазақстан мен Ресейдің энерго жүйелерінің параллельді тұрақтылығына әсер етуі мүмкін. Өз кезегінде «Қазақстан темір жолы» компаниясының президенті Асқар Мамин бүгінде қазақстандық көмірді экспорттық бағытқа тасымалдауды вагондармен қамтамасыз етуде шынында да қиыншылықтар барын айтты. «Бұл біз негізгі екпінді еліміздегі электр стансаларын көмірмен қамтамасыз етуге салғандығымызбен байланысты. Менің ойымша, біз бір аптаның, әрі кеткенде 10 күннің ішінде бұл мәселені шешетін боламыз», деді А. Мамин.