Қазақстан конькишілері әлем кубогі кезеңінде жеңіске жетті
АСТАНА. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат - Конькиден Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста жеңіске жетті, деп хабарлайды «Аламан» агенттігі.
Командалық жарыста ел намысын ағайынды Александр және Виктор Глущенко және Денис Кузин қорғады. Олар Германия және Ресей спортшыларын артқа тастады.
Коньки. ӘК. Бесінші кезең. Харбин (Қытай)
Ерлер. Командалық спринт.
1. Қазақстан (Александр Глущенко, Виктор Глущенко, Денис Кузин) - 1:23.48
2. Германия - +0.57
3. Ресей - +0.76.