Қазақстан конькишілері Канадада әлем кубогы кезеңінің қола жүлдесін алды
АСТАНА. KAZINFORM – Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіруден өткен әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазақстандықтар командалық спринтте табысты өнер көрсетті.
Кристина Силаева, Дарья Важенина және Надежда Морозова үштігі жарыс қашықтығын 1:26.36 секундта еңсеріп, Қазақстан қоржынына қола медаль салды.
Алтын жүлдені Канада (1:24.90) жеңіп алса, күміс медаль Польшаның (1:25.02) еншісінде кетті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық конькишілердің Калгариде өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысатынын жазған болатынбыз.
Құрамға кіргендер: Мария Деген, Надежда Морозова, Кристина Шумекова, Инесса Шумекова, Маргарита Галиева, Кристина Силаева, Дарья Важенина, Роман Биназаров, Виталий Щиголев, Артур Галиев, Демьян Гаврилов, Александр Кленко, Евгений Кошкин, Бақдәулет Сағатов, Никита Важенин, Вадим Якубовский, Алтай Жәрдембекұлы.