Қазақстан қор биржасындағы "KazPrime" индикаторы екі базистік көрсеткішке кеміп, жылдық 1,98 пайызды құрады
АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы 2010 жылғы 5 қарашадағы фиксинг қорытындысы бойынша «KazPrime» индикаторы екі базистік көрсеткішке кеміп,
жылдық 1,98 пайызды құрады, деп хабарлайды KASE Қазақстан қор биржасының баспасөз қызметі.
"KazPrime" индикаторы Қазақстанның банкаралық депозиттер нарығына 3 ай мерзіммен actual/360 есептеу базасына сәйкес ақша шығару ставкаларының орташа мәнін көрсетеді.