Қазақстан қор биржасының басшысы ауысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасының (KASE) жаңа президенті болып 3 жылға Мақсат Рақымжанұлы Қабашев сайланды, деп жазылды биржа сайтында.

Қазақстан қор биржасының басшысы ауысты

KASE-нің бұрынғы басшысы Азамат Жолдасбековтың өкілеттілігі Биржалық кеңестің шешімімен тоқтатылды. Ол ҚР Ұлттық Банк төрағасының KASE және құнды құжаттар нарығын дамыту мәселелері бойынша кеңесшісі болып тағайындалды.

М.Қабашев бұрын «Альянс Банк», «Күйзелген активтер қоры», «Қазақстанның инвестициялық қорына» жетекшілік етті. «Қазына» тұрақты даму қоры» басшысының орынбасары болды. Сондай-ақ, ҚР Индустрия және сауда министрлігінде, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ басшылық қызметтерді атқарды.