Қазақстан Кореямен денсаулық сақтау саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға мүдделі – Мұрат Нұртілеу

Қазақстан Кореямен денсаулық сақтау саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға мүдделі. Бұл туралы «Орталық Азия – Корея Республикасы» 16-ынтымақтастық форумында Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу айтты, деп хабарлайды Kazinform тілшісі Ашхабадтан.

түрікменстан

«Қазақстан денсаулық сақтау саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға мүдделі. Біздің ынтымақтастығымыздың табысты үлгісі Қазақстанның білім беру және денсаулық сақтау жүйелеріне оңалту медицинасының корей озық тәжірибесін енгізу болып саналады. Орталық Азия мамандары үшін оқыту және тәжірибе алмасу тәжірибесін жалғастыру өзекті деп санаймыз», - деді Қазақстан Сыртқы істер министрі.

Сонымен қатар Мұрат Нұртілеу Қазақстанның 2025 жылға қарай өзіндік фармацевтика өнімдері өндірісінің үлесін 50 пайызға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыркғанын атап өтті. Осы орайда Орталық Азия аумағында дәрілік шикізатты бірлесіп зерттеу бойынша уағдаластықты іске асыру аса өзекті екендігіне назар аудартты.

«Бұл ретте, әріптестеріме Қазақстанның Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құру бастамасы туралы еске салғым келеді. Құрылымның іске қосылуы осынау сезімтал саладағы жаһандық стандарттарды арттыруға біздің ортақ практикалық үлесіміз болады», - деді ол.