Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары АҚШ-тың жоғары наградасымен марапатталды

АСТАНА. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат - Америка Құрама Штаттарының Президенті Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Болат Сембиновты «Құрметті легион» медалімен марапаттады, ал награданы оған АҚШ Орталық қолбасшылығының басшысы генерал Дэвид Петреус біздің қорғаныс ведомствосының басшысы Әділбек Жақсыбековпен кездесуі барысында табыс етті,
None
None

деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

«Сіз АҚШ Орталық қолбасшылығының операцияларын қолдауға айтарлықтай еңбек сіңірдіңіз. Сіз Қазақстан үлесі үшін, оның Қарулы Күштерінің «Қажымас еркіндік» және «Иракқа бостандық» операцияларындағы іс-қимылына үлес қостыңыз», - деп атап көрсетті генерал Дэвид Петреус. - АҚШ Қорғаныс министрі Роберт Гейтс атап өткендей, Ирак пен Ауғанстанның шектеулі әскерлері қатысуымен өткен стратегияларды, жоспарлар мен шетелдік операцияларды жасап, жүзеге асыруда сіздердің саяси және әскери кәсібилігіңіздің маңызы ерекше болды. Бұл - АҚШ-тың жоғары наградасы және Сіз соған лайықтысыз».

Генерал-лейтенант Болат Сембинов өз кезегінде алғыс сезімін білдіріп, бұл жоғары награданы тапсыру - Қазақстан мен АҚШ үшін ортақ қауіптерді, ең алдымен - халықаралық лаңкестікпен күрестегі біздің офицерлердің, солдаттарымыздың үлесі, ал біздердің әскери қызметшілерімізді ұйыстырған достық, бұл - достас армиялардың тарихы іспеттес, деп айрықша атап өтті.

Соңғы жаңалықтар