Қазақстан коронавирусты жұқтырудың төрт толқынынан өтті - Алексей Цой

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда КВИ жұқтыру қарқыны бойынша төрт толқыны өтті. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан коронавирусты жұқтырудың төрт толқынынан өтті - Алексей Цой

«Қазақстан індет жұқтырудың төрт толқынынан өтті. Бұл өз кезегінде коронавирус инфекциясының жаңа штамдарының пайда болуына қатысты», - деді А. Цой.

Оның айтуынша, соңғы рет індет жұқтыру деңгейі артқанда кезеңде тәулігіне 7 800 жағдай тіркелген.

«КВИ бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы жұмыстарды уақытылы жүргізуге байланысты індеттің таралуы қарқынын тежеуге әрі елдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға ықпал етті», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Алексей Цой қазіргі кезде Қазақстан коронавирустан «сары» аймақта тұрғанын айтты.