Қазақстан көрші елдерге үлгі бола алады - Юрий Пайдерс
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан көрші елдерге үлгі бола алады, деп есептейді Латвиядан келген байқаушылардың бірі Юрий Пайдерс.
«Біз бүгін 4 сайлау учаскесіне бас сұқтық. Демократияның түрлі даму жолдары бар, түрлі шешімдер болуы мүмкін, әрбір мемлекет өз жолын таңдауға құқылы. Егер біз Орталық Азия елдерін алатын болсақ, Қазақстан көрші елдерге үлгі бола алады. Қазақстанның ішкі саясатын еуропалық одақ елдерімен салыстыруға болмайды, себебі мәдени және діни тұрғыда өте үлкен айырмашылықтар бар, бірақ көрші елдермен салыстырсақ, Қазақстан әлдеқайда үлкен жетістіктерге жеткен», - деді ол.