Қазақстан қоржынына 6-алтын медаль түсті – жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алтыншы алтын медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық жеңіл атлет Давид Ефремов 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден 7.65 секунд нәтиже көрсетіп, мәре сызығын бірінші болып қиды.

Тайбэйлік Чем Куе Ру (7.68) екінші, жапониялық Шукей Ишикава (7.70) үшінші орынға ие болды.

Осылайша, Д. Ефремов алтыншы алтынды жеңіп алды.

Ұлттық құрама қоржынында 6 алтын, 3 күміс пен 3 қола медаль бар.

Сонымен, үш күнге созылған жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия біріншілігі мәресіне жетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының эстафетадан чемпион атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, қазақстандық жеңіл атлеттер бесінші алтын медаль алды.

Фото Спортты дамыту дирекциясының инстаграм парақшасынан алынды


Соңғы жаңалықтар